Елшілік төтенше жағдай кезінде көмек көрсету үшін Украинадағы қазақстандықтардан консулдық есепке тұруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Консулдық есепке өздері келмей-ақ, Қазақстан елшілігі сайтында орналасқан есепке алу парағын толтырып және төлқұжаттың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электронды поштасына жіберіп, тұруға болады", - делінген хабарламада.
Азаматтар өзге ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігі сайтында, әлеуметтік желілерінде және мессенджерлерінде қадағалай алады.
Елшіліктің байланыс нөмерлері: +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08 (шұғыл қоңыраулар үшін).
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.