$ 494.87  520.65  4.91

«Парагвайда кісі қолынан көз жұмған бизнесмен Қазақстан азаматы емес» – СІМ

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаскөйлер оны 2 мың доллар үшін өлтіріп кеткен.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Парагвайда көз жұмған бизнесмен Қазақстан азаматы екенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik.kz. 

"Ол біздің азаматымыз емес, тіпті ешқашан болған да жоқ. Кеңес одағы кезінде ҚазКСР-де туып, 80-ші жылдары көшіп кеткен", - деп мәлімдеді ведомство.

СІМ ақпаратынша, полиция оның ресейлік төлқұжатын тапқан.

Бұған дейін ресейлік БАҚ Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылғанын хабарлады. Адам сүйегі екі сөмкенің ішінде жатқан. Өлер алдында жәбірленушіні аяусыз соққыға жығып, ұзақ уақыт азаптаған. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Боливияның екі азаматы ұсталды.

Анықталғандай, қаза болған азамат – 41 жастағы Михаил Леготкин. Ол Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 80-ші жылдары Парагвайға көшіп, сол жақта азаматтық алған.

Леготкиннің жоғалғаны жайлы 3 ақпан күні таңертең марқұмның іскерлік серіктесі хабар берді. Парагвайда ер адам бизнеспен айналысқан – қонақ үйі болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаскөйлер оны 2 мың доллар үшін өлтіріп кеткен. Күдіктілер әуежайда Парагвайдан кеткелі жатқан жерінен ұсталды.

Ұсталғандардың бірі кінәсін бірден мойындады. Тергеу жүріп жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#адам өлімі