2021 жылы елордалық әуежай арқылы 203 706 259 теңге алып өтпек болған. Қолма-қол ақша декларацияланбағандықтан заң бұзушыларға айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылы ҚР ӘҚБтК 551-бабының 3-бөлігі бойынша 13 әкімшілік материал толтырған (тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттардағы мәліметтерді анық емес мәлімдеу), декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражатының сомасы 203 706 259 теңге, осы бұзушылықтар бойынша айыппұл сомасы 379 210 теңгені құрады.
Мысалға алсақ, 16.12.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының «Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында «Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл» халықаралық әуе рейсімен ұшып бара жатқан жолаушылар кедендік бақылаудан өткеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, Ливан азаматшасын ұстады. Ұстау кезінде 13 900 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды (ҚР Ұлттық Банкінің 16.12.2021 ж. бағамы бойынша 6 054 006 теңгені құрайды).
29.12.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында «Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл» халықаралық әуе рейсімен ұшып бара жатқан жолаушылар кедендік бақылаудан өткеннен кейін ҚР азаматы ұсталды. Ұстау кезінде 38 000 доллар сомасындағы декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды (ҚР Ұлттық Банкінің 29.12.2021 ж.бағамы бойынша 16 409 920 теңгені құрайды).
МКК Кеден кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында қолма-қол ақша қаражаты кедендік декларациялауға жататыны белгіленгенін еске салады.
Кедендік декларациялауды жүзеге асыру өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол Ұлттық валютаның және жол чектерінің барлық сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүргізіледі.
Бұдан басқа, тауарларды кедендік декларациялау кезінде жеке тұлғалар 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) қолма-қол ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін кедендік декларациясыз ҚР-ға әкелуге немесе ҚР-дан әкетуге құқылы.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.