44 жастағы ер адам әйелімен жанжалдасып, өз үйін өртеп жіберген. Өртке оранған үйден әйел мен екі кішкентай бала қашып үлгерсе, отағасын шуға қарай жүгірген көршілері аман алып қалды.
«Факті Талғар ауданындағы саяжайлардың бірінде тіркелді, онда 15 ақпанда бес бөлмесі бар үлкен жеке үйде өрт шықты. Анықталғандай, жанғыш зат қолданылып, үй өртенген» деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары өрт құрбандарының 44 жастағы отағасын ұстады. Ол әйелімен ұрыс кезінде осындай әрекетке барғанын мойындады.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Істер бойынша міндетті сараптамалар белгіленді. Күдіктіге қатысты соңғы шешім тергеу аяқталған соң шығарылады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.