$ 494.87  520.65  4.91

«Ел қазынасын 30 жыл бойы опырған олигархтар байлықты қайтаруы керек» – депутат

Жылына 6 миллиард долларға жуық халық қаржысын жымқырып отырған «Қорғас» кеденінің қожайындары тергелуде.
qazaquni.kz
qazaquni.kz

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса өзінің Facebook-тегі парақшасында еліміздегі соңғы саяси өзгерістерге қатысты пікір білдірді деп хабарлады turksytan.kz.

«Басты мақсат мемлекетті сақтап қалу болды. Қазір әлеуметтік желілерде «Ереуілде террористер де, содырлар да болған жоқ» деген, президент не айтса да, «шын сөзін жоққа шығару» синдромы жүріп жатқанын да байқаймыз. Бұндай «лаңкестер де, содырлар да болған жоқ» деп соғып отырғандар бұл жауапсыз сөздерінің  бейбіт ереуілшілерге жабылған жала екенін ойлануы тиіс. Содырлар, лаңкестер жоқ болса, онда 19 полицей мен сарбазды кім өлтірді, екі полицейдің басын кесіп алғандар кімдер? Өз жұмысымен кетіп бара жатқан жеткіншекті, жастарымызды кім өлтірді, бейбіт ереуілшілер ме?» – деді ол.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы  қаңтар қасіретінен кейінгі тағы бір қайратты қадамы – экономикамызда жариялылықты жариялауы болды. Еліміздің бар байлығының жартысынан астамын (55 пайызын) 162 адам ғана иеленіп алғанын алғаш рет ашық мәлімдеді. Ал қалған 19 милионнан астам бүкіл халықтың жартысынан астамы кедей екені, бір миллионнан астам адамның жағдайы кедейлік шегінен де төмен екені алғаш рет ашық айтылды. Депутат атағандай, шетелдердегі офшорлық аймақтарға кеткен 160 млрд долларды қайтару мәселесі Президенттің тапсырмасымен қолға алынып отыр.

Сыбайлас жемқорлық арқылы, соның ішінде көптеген оффшорлық компаниялардан алынған капиталды қайтару процедурасын белсенді түрде бастау қажет.

Биыл 2 ақпанда «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде Қазақстаннан шет елдерге ірі көлемде қаржы аударылғаны туралы ақпаратты талап етті.

«Жылына 6 миллиард долларға жуық халық қаржысын жымқырып отырған «Қорғас» кеденінің қожайындары тергелуде. Утильсбор төлемдері тоқтатылып, қазір қайта қаралуда. Заңсыз, салықсыз өмір сүріп келген «Алтын орда» базары жабылуда. «Екінші үкімет» рөлін атқарып отырған, ел қазынасын көбейтуге үлес қосады деген, бірақ қазынаны азайтып жатқан «Самұрық-Қазына» қорына реформа жасалмақ. Президент Қ.Тоқаев тіпті, «реформалауға келмесе, жауып тасату керек» деп те кесіп айтты. Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, «Самұрық-Қазына» қазынамызды толтырмақ түгілі, мемлекетке 18 млрд доллар қарыз», – деп айтты Қазыбек Иса.

Олигархтар заңсыз иеленген қаржыларын мемлекетке қайтаруы қажет.

«Әлеуметтік жағдайы төмендерге арналған «Қазақстан халқына» қорына байлардан жүздеген млрд қаржы түсуде. Бұл ел қазынасын отыз жыл бойы опырып отырған олигархтардан Отанға көмектесу арқылы қарпыған қаржыларын заңды қайтару жолы болса керек. Негізі, олигархтардан қайыр сұрағандай сұрап отырғанша, Менделеев кестесінің бәрі табылатын қазақ жерінің қазба байлығын, кенен кенішін түрлі құйтырқы заңсыз жолдармен қолға түсіріп байығандардан сол байлықтың, кемінде 80 пайызын, ал қазба байлық орындарын түгел қазынаға қайтаруды қатаң талап ету керек. Өйткені, ол қазба байлықтар олардың да, ешкімнің де ата-бабасынан қалған мұра емес, ол – қазақтың байлығы!», – дейді депутат.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары