$ 495.2  522.34  4.94

Министрлік WhatsApp мессенджерінің тоқтайтынына қатысты түсінік берді

Мессенджер Қазақстан аумағында жұмысын тоқтатады деуге ешқандай негіз жоқ.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар ел аумағында WhatsApp мессенджері жұмысын тоқтататыны туралы ақпарат таратуда. Мектептер бұл туралы ресми хабарлама жіберілген екен. Бұл өтірік.

ҚР БҒМ білім беру мекемелеріне немесе басқа жерлерге мұндай хабарламалар жібермеген.

– Министрлік білім беру ұйымдарына мұндай ақпарат жіберген жоқ. Білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтар әлеуметтік желілерде және ҚР БҒМ сайтында жарияланады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мессенджер Қазақстан аумағында жұмысын тоқтатады деуге ешқандай негіз жоқ. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да тиіс ақпарат шыққан жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанға қатысты ешқандай санкциялар енгізілмегенін атап өткен жөн.

stopfake.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары