03.03.2022, 09:20

Өткен тәулікте 253 адамнан COVID-19 анықталды

tengrinews.kz
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 303 063-ке жетті.

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 2 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 253 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 303 063-ке жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Алматы қаласында - 80, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында - 7, Ақтөбе облысында 2, Алматы облысында - 10, Атырау облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 12, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 10, Қарағанды облысында - 41, Қостанай облысында -16, Қызылорда облысында -4, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 15, Солтүстік Қазақстан облысында - 32, Түркістан облысында - 1.

Қазақстанда 2 091 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 266, Алматы қаласында - 244, Шымкент қаласында - 734, Ақмола облысында - 56, Ақтөбе облысында - 29, Алматы облысында - 72, Атырау облысында - 64, Шығыс Қазақстан облысында - 26, Жамбыл облысында - 10, Батыс Қазақстан облысында - 226, Қарағанды облысында - 14, Қостанай облысында - 151, Қызылорда облысында - 3, Маңғыстау облысында - 15, Павлодар облысында - 126, Солтүстік Қазақстан облысында - 53, Түркістан облысында - 2.

Елімізде барлығы 1 272 470 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Айта кетейік, 2022 жылғы 2 наурыздағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 394 344 адам, 2-компонентін 9 010 266 адам салдырды.