"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Самұрық-Энерго" және "Қазақстан Темір Жолы" ҰК басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Самұрық-Энерго" және "Қазақстан Темір Жолы" ҰК басшылығына қатысты жеке компаниялардан пайда алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Мемлекетке аса ірі мөлшерде 3,8 миллиард теңге сомасында залал келтірілді", - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.