Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар отырған төртінші борт Нұр-Сұлтанға келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Елорда әуежайының баспасөз хатшысы Ануар Шалекеновтің айтуынша, "Эйр Астана" ұшағы Польшаның Катовице қаласынан Нұр-Сұлтан уақытымен 23.05-те ұшып шығып, Нұр-Сұлтан әуежайына шамамен 6.00-де келген. Бортта 155 жолаушы, оның ішінде 7 сәби болған.
Жолаушылардың бірі Украинаның Каменское қаласынан табылған.
"Бұл - бір кездері Нұрсұлтан Назарбаев оқыған, металлургия комбинатында жұмыс істеген жер. Оның бюсті әлі де бар. Қалада кейде әуе дабылы жарияланады, бірақ әлі бомбаланған жоқ. Біз соңғы сәтте шықтық", - деді әйел.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі өкілі дипломаттар көмегімен 731 қазақстандық Украинадан эвакуацияланғанын мәлімдегені хабарланған еді. Оның ішінде 662 адам Польша арқылы, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакия арқылы эвакуацияланған.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.