Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында 17-орынға тұрақтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасында биатлон жарысы бойынша Александр Герлицтің бір қола жүлдесі бар. Бұл Қазақстан құрамасына Аустралия және Швейцариямен 17-орынды бөлісуіне мүмкіндік берді.
2018 жылғы қысқы паралимпиадада Қазақстан құрамасы бір алтынмен 20-орынды иеленген еді.
Қытайлық паралимпиадашылар 18 алтын, 20 күміс және 23 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға Украина командасы тұрақтады (11-10-8). Үштікті канадалықтар аяқтады (8-6-11).
Айта кетейік, Герлиц медальдан бөлек, өзге төрт жарыста бесінші орынға ие болды - шаңғы жарысында үш рет және биатлонда бір рет. Сонымен қатар, Ербол Хамитов шаңғы эстафетасында бесінші болды.
Осылайша, Герлиц 115 мың доллар, ал Хамитов он мың алады.