$ 445.66  474.58  4.78

Түркістан облысында қорықшыны бір топ адам соққыға жықты

Зардап шеккен қорықшы дене жарақатын алған, қазір ауруханада жатыр.

Түркістан облысында қорықшы қызметінің қызметкеріне шабуыл жасалды.

Кеше түнде Шардара су қоймасында жүргізілген рейд кезінде 10 шақты адам "Шардара балық" ЖШС-нің қорықшы қызметінің қызметкеріне шабуыл жасаған.

Оқиға орнына Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері аттанды, деп хабарлады экология министрлігі балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі.

Қылмыс болған жерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылды.

Қазіргі уақытта шабуыл жасағандардың кейбірінің жеке басы анықталып, Түркістан облысы полиция депратаменті Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оларды ұстау шараларын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ қорықшы қызметінің көлігіне материалдық шығын келген.

Зардап шеккен қорықшы дене жарақатын алған, қазір ауруханада жатыр.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

sputnik.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары