$ 494.87  520.65  4.91

Антикор басшысы Сатыбалды ісі туралы мәлімдеме жасады

Бірақ миллиардтаған қаражат бар.

Антикор басшысы Олжас Бектенов "Қазақтелекомдағы" ақша жымқыру туралы істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық іс "Қазақтелеком" АҚ қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеліп жатыр. Біз кеше берген ақпарат, әзірге сол. Сома белгіленеді, бірқатар эпизод бар. Менің ойымша, біз тиісті сараптамалық тергеу жүргізгеннен кейін соманы атаймыз. Бірақ миллиардтаған қаражат бар деп айта аламын", - деді Олжас Бектенов.

Еске салайық, кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары