$ 444.22  476.38  4.82

Antikor басшысы Қайрат Сатыбалдыны ФСБ ұстағанын жоққа шығарды

"Қайрат Сатыбалдыны Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) ұстады" деген интернет бетіндегі ақпарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов жоққа шығарып, оны өзінің қызметкерлері Дубайға ұшқалы жатқанда тоқтатқанын айтады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Қайрат Сатыбалдыны Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) ұстады" деген интернет бетіндегі ақпарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов жоққа шығарып, оны өзінің қызметкерлері Дубайға ұшқалы жатқанда тоқтатқанын айтады. Оның сөзіне қарағанда бұлтартпау шарасы әлі қолданылған жоқ. Оны сот анықтайды.  

Еске сала кетсек, кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау дерегі бойынша күдікті ретінде Қайрат Сатыбалдыұлыны уақытша ұстау изоляторына қамады. Ал оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары