WhatsApp мессенджерінде соңғы апталарда Ресейден Оралға көп адамның келгені туралы ақпарат тарап жатыр деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Аудио автордың айтуынша, олар қалада баспана жалдап жатыр. Бірақ олардың Қазақстанға келу мақсаты белгісіз. Хабарламада туристердің көптеп келуі Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты болуы мүмкін екендігі айтылады.
Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жоққа шығарған.
«Бүгінде Батыс Қазақстан облысында РФ шекарасынан өткен туристер ағыны байқалмайды. Барлық өткізу пункті тұрақты режимде жұмыс істеп тұр. Шекараны кесіп өткен барлық тұлға шекарашылар тарапынан толық бақылаудан өтеді», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.