$ 494.87  520.65  4.91

Польшадан елімізге бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты

Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар.

15 наурызда қазақсандықтарды эвакуациялау үшін Польшадан бесінші рейс ұшып кетті,  деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"15 наурызда астана уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты. Ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтіледі. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар", - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство бір күн бұрын бұл ұшақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Катовице қаласына жеткізгенін атап өтті. Одан әрі жүк Украина аумағына автокөлікпен жеткізіледі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары