$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі порно студияның модельдері қанша табыс тапқаны белгілі болды

Модельдердің көпшілігі есірткі қолданғаны белгілі болды.

Шымкентте бүкіл әлемге махаббат шоуын көрсеткен порно-студия модельдері қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ғаламторда порно виделар нақты уақыт режимінде таратылған. Полицейлер тыйым салынған көріністің 11 ұйымдастырушысын ұстады. Бұл Қырғызстан мен Қазақстан азаматтары. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілердің көмігімен порностудиялардың ізіне түсті.

Қызметкерлер кездейсоқ порноның онлайн трансляциясына тап болған. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар алты ай бойы іздеуде болды. Бұл бизнес көзін Қырғызстан азаматы құрғаны анықталды. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындары да болған. Күдіктілердің барлығы қазір қамауға алынды. Олардан 40 мың доллардан астам ақша мен екі элиталық шетелдік көлік тәркіленді.

Көріністер жалға алынған пәтерлерде жабдықталған 10-нан астам порностудияда жүргізілген. Ұятты видеоның көрермендері негізінен шетелдіктер болды. Бірақ түсірілім отандық көрермендер арасында да қаралым жинаған. Порно роликтерге елуден астам қыз, оның ішінде кәмелетке толмаған қыздар қатысқан. Модельдердің көпшілігі есірткі қолданғаны белгілі болды.

“Біз олардың жұмысын қадағалап отырдық, яғни олар жұмысқа уақытында келіп, уақытында кету керек болды. Эфирге де уақытында шығу керек болды. Кешігу не қандай да бір талаптарды орындамаса, айыппұлдар салынған. Жалақы айына екі рет, яғни 15 күнде бір рет берілді. Ал жалақысы 15 күнге шамамен 200 мың теңгеден 500-600 мың теңгеге дейін төленіп отырды”, –деді Шымкент ҚІІБ криминалдық полиция бөлімінің аса маңызды істер бойынша анықтаушысы Нұрбол Ашақұлов.

Айта кетсек, күні кеше Шымкент полицейлері нақты уақыт режимінде интернет арқылы порнографиялық қызмет ұсынумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары