Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин алты салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Оскар Де Ла Хойя негізін қалаған Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясын сотқа берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Талап 2018 жылдың қыркүйегінде Головкиннің Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жегін өткізуге байланысты қарыздарды өндіріп алуды көздейді, оның мүддесін сол кезде осы компания ұсынған болатын.
Golden Boy және Головкиннің промоутерлік компаниясы GGG Promotions бокс кешін бірге өткізген. Fight Freaks Unite мәліметінше, қазақстандық бокшсы Golden Boy-ды келісімшартты бұзды деп айыптап, кем дегенде 3 миллион доллар өтелмеген қарызды талап етіп отыр.
Шағым Лос-Анджелес округінің орталығы бойынша Калифорнияның Жоғарғы сотына берілген.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.