Алматы облысында көлік жүргізушісінің ит өлексесін сүйретіп жүргені түсірілген видео Қазнет қолданушыларын таңғалдырды.
Видео @angry_taldyk Instagram-парақшасында пайда болды. Жазба авторының айтуынша, видео Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында түсірілген.
Көлік жүргізушісі иттің өлексесін неге сүйрегенін түсіндірді.
“Көрсетілген видео 24 наурыз күні Қарасай ауданында түсірілген. Жол талғамайтын Toyota 4Runner көлігінің жүргізушісі 56 жастағы жергілікті тұрғын болып шығып, ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ер адам иттің бұған дейін өліп қалғанын және көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, жолда жатқанын түсіндірді. Осыған байланысты ол жануардың мәйітін ауыл шетіне сүйреп апаруды ұйғарады”, – деп жазды Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.
Қазір бұл айғақтар тексерілуде. Қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.