$ 494.87  520.65  4.91

«Бұрын қазақта мұндай болған ба?»: күрескен келіндер желіні шулатты (ВИДЕО)

Бұл үрдіс - бұрыннан келе жатқан үрдіс.

Әлеуметтік желіде күресіп жатқан әйелдердің видеосы тарады. Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бір топ бұрын бұл дәстүр болған десе, енді бір топ қазақта бұрын болмаған дәстүр екенін жазды. Tengrinews.kz тілшісі видеодағы кейіпкермен сөйлесіп, бұл қашан болған оқиға екенін сұрады.

Желіде тараған видеоға пікір білдіргендер арасында бұл бұрыннан бар дәстүр екенін жазғандар да табылды:

Қатын күрес деген бұрыннан бар ғой. Наурызда күреседі. 

Ұят, ерсі көрініп тұрған жоқ. Керісінше халатпен керемет емес пе. Кәдімгідей қарапайым ауылдың келіншектері. Спорт киім киетіндей арнайы спортшылар емес қой. Осылай керемет. 

Бұл үрдіс - бұрыннан келе жатқан үрдіс. Кейінгі кезде ескерілмей қалған. Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпыз. Кәдімгі ауылдың мықты келіндері, керемет.

 Несі ұят, палуандарды да аналар тумай ма?! Алып анадан, ат биеден туады. 

Негізі бұл бар нәрсе. Қазақта бұрын бұны "келін күрес" демеген... "Қатын күрес" деген. Оңтүстік жақта Наурыз тойында, ата-бабаға арнап үлкен ас берген кезде осы күрес болатын... Қазір ұмытылып бара жатқан нәрсе, көбі біле бермиді. Сондықтан теріс пікірде...

Видеодағы күрескендердің бірі - Әлия Нұрланова. Әлия - оңтүстіктің, соның ішінде Түлкібас станцасының тумасы, Елтай ауылының келіні. 

"22 наурызда ауылдағы әйелдер арасындағы күресте жеңдім. Бұрын үлкен апайлар күресетін. Бұл - баяғыдан бар дәстүр. "Қатын күрес" деп аталады. Келін болғаныма 10 жылдан асып кетті. Биыл ауыл жастары ұйымдасып, Наурыз мерекесіне орай іс-шара өткізген. Сонда күреске шықтық. Қасымда өзім сияқты ауылдың келіні. Бұрын спортпен айналыспағанмын", - деді ол.

Айта кетейік, "Қатын күрес" той-томалақта немесе ойын сауықта өткізіледі. Бұл жарыс әдетте жас әйелдердің арасына өтеді. Жеңген адам өзіне тиесілі жүлдесін алатын болған. "Қатын күрестің" шарттары "қазақша күрес" ержелерімен бірдей.                                                             

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары