$ 443.37  474.49  4.83

«Ұят болады»: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны кім?

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемасы Орталық Азия елдерінде әлі де өткір күйінде қалып отыр. БҰҰ мәліметтері бойынша, осы аймақтағы әйелдердің 18%-ы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке тап болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Заманауи дамыған қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары әлі де жиі кездеседі. Көбіне, бұл туралы ашық айту әдетке жатпайды. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының саны пандемия мен карантин режимі кезінде айтарлықтай артқан. Сарапшылар бұл шиеленісті әртүрлі себептермен байланыстырады, соның ішінде бір орыннан ауысу мүмкін еместігі, алкогольді ішімдіктерді тұтыну көлемінің артуы, қаржылық жағдайдың нашарлауы. Алайда, психологтар мұның себебі көп екенін айтады, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Әдетте, тұрмыстық зорлықтың 4 түрі болуы мүмкін:
1. Физикалық зорлық - денсаулыққа қасақана физикалық күш немесе физикалық ауыртпалық көрсету;
2. Психологиялық зорлық - бұл адамның эмоциясына немесе психикасына әсер ету: қорқыту арқылы, қоқан-лоқы көрсету, балағаттау, сынау, кінәраттау және тағы сол сияқты әрекеттер;
3. Сексуалдық зорлық - басқа адамға қатысты сексуалдық сипаттағы кез келген әрекетті қолдану;
4. Экономикалық зорлық - бөгде біреудің ақшасын немесе басқа да материалдық ресурастарын (тұрғын-үй, тағам, киім) бақылап, оны жұмсау. Бұл адамның денсаулығына физикалық және психикалық тұрғыдан әсер етеді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабына сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекет деп құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға құрметтемеушілік білдіретін, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе басқа тұрғын үйде олардың тыныштығын бұзатын, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастарда жасалған былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және басқа да әрекеттер екені түсіндіріледі. 

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы, әркімнің өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар екені бекітілген. ҚР Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына қосыла отырып, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың деңгейін төмендету бойынша белсенді қадамдар жасауда.

Алдын алу мен заңсыз оқиғаларға барабар әрекет ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табуға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, барлық жағдайларда отбасын сақтау, отбасылық байланыстар мен құндылықтарды нығайту мүмкіндігі ерекше ескеріледі. Оңтайлы тепе-теңдікке ешбір елде қол жеткізілмегенін атап өткен жөн. Қазақстан қоғамында жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі ғылыми полемика әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмасына сәйкес Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы ғылыми-практикалық зерттеу жүргізілді.

Зерттеу жұмысына Қазақстанның белгілі ғалымдары мен заңгерлері, Мемлекет басшысына тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту қажеттігі туралы үндеу жолдаған, тиісті ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына енген белсенді азаматтар, сондай-ақ Украина, Өзбекстан, Ресейден келген жетекші сарапшылар жұмысқа тартылды. Зерттеу халықаралық тәжірибені, соның ішінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бөлігінде БҰҰ бекіткен адам құқықтарының көрсеткіштеріне қол жеткізу тәжірибесін зерттеді. Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамынан ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру отбасылық-тұрмыстық жанжалдарды анықтау жұмысын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылық назарын аударған «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына қатысты түсініктеме берді.

«Қоғамда «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы белсенді талқылануда. Бұл орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануы керек. Заң жобасының нормаларын мұқият зерделеп, барлық пікірді ескеру қажет. Біздің міндетіміз - әйелдер мен балалардың құқығын барынша қорғау», - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Оның пікірінше, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алудың маңызы зор. Сондықтан да «жанжалдасушылармен жүйелі түрде» әлеуметтік-оңалту және тәрбие жұмысын жүргізу, сондай-ақ қоғамдағы зорлық-зомбылықты азайту үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Мұндай шаралар кешені отбасылық тәрбие, білім беру мәдениетін қамтуы керек.

«Құқық бұзушыларға қойылған шектеулер іс жүзінде орындалуы маңызды. Сондықтан полиция қорғаныс ережелері институтын жетілдіруді бастады. Мысалы, тәулік бойы қызмет ететін патрульдік полиция қызметкерлері бұйрықтардың сақталуын бақылауы керек. Бұл отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтын адамдарға бақылауды күшейтуге, осындай құқық бұзушылық қаупін азайтуға мүмкіндік береді», - деді Президент.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемасы Орталық Азия елдерінде әлі де өткір күйінде қалып отыр. БҰҰ мәліметтері бойынша, осы аймақтағы әйелдердің 18%-ы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке тап болады. Бұл ретте әйелдердің біршама үлесі тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларында көмекке қайда және қалай жүгіну керектігін білмейді. 

Осы ретте сарапшылар бейінді органдар қызметкерлерінің арасында гендерлік зорлық-зомбылық бойынша ашылған істердің саны мен сапасын бағалайтын жұмысты бағалау және ынталандыру жүйесін енгізуді ұсынады. Бағалау нәтижелері бойынша қызметкерлер жалақыға бонустар алады, бұл жұмыстың уәждемесі мен тиімділігін арттырады.

Зорлық-зомбылық мәселесін шешудің тағы бір маңызды факторы – құқық қорғау органдарының басшылары жәбірленушілерге зорлық-зомбылық жағдайын соңына дейін шешуге және агрессорды сотқа жеткізуге көмектесу. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары