$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда үш апта бұрын жоғалған әйелдің мәйіті табылды

Марқұмның денесінде пышақ жарақаты байқалған.

Қарағандыда осыдан үш апта бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 27 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұмның денесінде пышақ жарақаты байқалған.

27 наурыз күні Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданындағы орманда бұрын із-түзсіз жоғалғандар санатында болған, денесінде пышақ жарақаты бар 27 жастағы азаматшаның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 бабы 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы күдікті анықталды. Ұсталған азаматша 5 наурыз күні жәбірленушімен екеуара үйде шыққан жанжал барысында оны пышақтап, қылмысын жасыру мақсатында мәйітті көміп тастағанын айтып, қылмысын мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары