$ 445.66  474.58  4.78

Қазақстан Қара теңіздегі жүк кемелерін Каспийге қайтарады

қазір Қазақстанға теміржолдың әлеуетін де сарқа пайдаланатын кезең туып отыр.

Қазақстан Қара теңіздегі жүк кемелерін Каспийге қайтарады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі өседі деп болжап отырмыз. Транзит үшін түрлі кедегілерді жою бойынша қандай шара қабылдап жатырсыздар», - деп сұрады Үкімет басшысы Әлихан Смайылов. 

Министрдің айтуынша, бұл мүмкіндікті пайдаланудың бірнеше жолы қарастырылып отыр.

«Қазіргі жағдайға байланысты ең тар жерлерді қарастырып отырмыз. Ең маңыздысы қазір Ақтау портында контейнерлік хаб құру болып тұр. Инвесторлармен кездесіп жатырмыз. 10 млрд теңге көлемінде жоба дайын. Сәуір айында сингапурлық компания келгелі отыр. Олар нарыққа қызығушылық білдіруде. Егер олар жасамаса, жергілікті инвесторлар да ол жобаны алуға дайын. 

Екіншіден, сол Каспий бойынша паром тасымалын, кеме тасымалын, жүк тасымалын күшейтуіміз керек. Негізі 4 кемеміз бар. Оларды Қара Теңізден Каспий теңізіне алып келуіміз керек. «Осындай мүмкіндік бар, жүк тасымланың транзиті бойынша өте үлкен деңгейге жетейін деп жатыр. Сол себепті сіздерге үлкен мүмкіндік бар. Паром, кемелер сатып алуға ақша салыңыздар» деп айтып отырмыз», - деді министр.

Айтуынша, қазір Қазақстанға теміржолдың әлеуетін де сарқа пайдаланатын кезең туып отыр.

«Үшіншіден, «Қазақстан теміржолымен» бірге темріжолдың да жағдайын қарастырып жатырмыз. Ең маңыздысы Достық-Мойынты теміржол учаскесі. Ол жобаны іске асырсақ, Бізде қазір транзиттік мүмкіндігіміз 5 есе өсетін болады. Үшінші бағытқа көршілес Өзбекстан тарапы да үлкен көңіл бөліп отыр. Ауғанстан арқылы Пәкістанға шығатын жолдармен бізге қосылсын деп отырмыз. Сол үшін Дарбаза-Мақтарал теміржолын салмақшымыз», - деді Қаыйырбек Өскенбаев.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кеме #Каспий