$ 446.49  475.38  4.79

Талдықорғанды жойқын дауыл жайпап өтті (ВИДЕО)

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде қатты желден кейінгі видеоларды жариялауда.

Талдықорғанда дауыл көпқабатты үйлердің шатырын ұшырып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде қатты желден кейінгі видеоларды жариялауда.

Кадрларда ағаштардың көліктердің үстіне құлап, үйлердің шатырлары ұшып кеткенін байқауға болады.

"Желдің салдарынан облыстың кейбір аудандарында электр жарығы жартылай өшіп қалды. Шатырлар ұшып, ағаштар құлады. Зардап шеккендертуралы ақпарат әлі түскен жоқ", - деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар басқармасы.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК дауылды ескерту негізінде 29-30 наурыз аралығында облыс аумағында екпіні 18-23 м/с болатын күшті жел, сондай-ақ жаңбыр күтілетінін хабарлаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дауыл #Алматы