Оның жазбалары көпшіліктің жүрегін қан жылатты. Caravan.kz медиа порталы солардың бірқатарын аударып ұсынады.
«Мен бір кездері бір балаға ғашық болдым, бірақ ол маған қарамады, мен сол кезеңді жаныңды жабырқататын ең ауыр сәт деп ойладым.
Бірақ анаң көз алдыңда өлсе, шынымен де ең ауыры сол екен. Ал бес жасар бауырым оның жанына келіп: «Мама, ұйықтама, тоңып қаласың», дей береді.
Біз оның бейітіне енді ешқашан зиярат ете алмаймыз. Ол сол жертөледе мәңгіге қалды.
***
Бір жертөледе дәретханаға бардық, сонда ұйықтадық, тамақ іштік.
Коля ағай бірде көгершін ұстап әкелді, бұл бесінші-алтыншы күн болса керек. Оны қуырып жедік. Сосын бәріміз құстық.
***
Анам соңына дейін шыдады. Эвакуациядан үш күн бұрын қайтыс болды.
Мен ініме ол қатты ұйықтап жатыр, оятуға болмайды дедім.
Бірақ ол бәрін түсінген сияқты.
***
Көршіміз қайтыс болғанда біз оны шығара алмай, ақыры мәйіт саси бастады. Содан кейін тыныштық орнады, Коля ағай көтеріп шықты. Бірақ өзі де минаға түсіп, жарылып кетті. Әкеміз қайтыс болғаннан кейін ең жақын адам Коля ағай болатын.
Мәйіттер сасық. Олар барлық жерде жатты. Осының бәрін інім көрмесін деп, көзін анамның орамалымен жаптым.
***
Мен Ресейді жек көремін, туыс ағам сонда тұрады. Бүгін телефонда маған оның не айтқанын білесің бе? «Катя? Қайдағы Катя? Мен сені танымаймын. Қандай соғыс, қандай Катя?
Содан кейін ол өзге нөмірден : «Катя, маған жазба. Бұл мен үшін және менің отбасым үшін қауіпті. Ал анаңды енді қайтара алмайсың", де п жазды.
Мен оларды жек көремін! Анам оның туған әпкесі еді ғой. Бұл қалай сонда?
Еске салсақ, бүгін Украинада Ресеймен әскери қақтығыстар болып жатқанына 40 күн болды.