$ 494.87  520.65  4.91

«Тасқын кезінде өлген малға өтемақы төленбейді» – министр

Сақтандырылмаған малға өтемақы төленбейді. Заңда қарастырылмаған
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев сақтандырылмаған жағдайда тасқын кезінде өлген малға өтемақы төленбейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Қазақстанның бірнеше аймағында су тасып, малдар қырылып жатыр. «Олардың өтемақы мәселесі қалай болады?» деген сұраққа министр былай деді.

«Қырылған мал саны әзір белгісіз. Жергілікті атқарушы билікпен бірге анықтаймыз. Мәліметтерді алдағы аптада айтамыз. Ал олардың өтемақысына келсек. Сақтандырылмаған малға өтемақы төленбейді. Заңда қарастырылмаған», - деді министр.

Ол осы себепті мал басын сақтандыруға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары