Түркістан облысында енесінің атынан несие рәсімдеген келін ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт аудандық полиция бөліміне арызданған әйел белгісіз біреудің 250 мың теңгенің кредитің мойнына іліп кеткенін айтты.
Ол қарыздың бар екенін банк қызметкерлері хабарласқанда бірақ білген. Содан бірден полицияға арызданып, көмек сұрады.
Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу шараларын бастады.
Ал жедел-іздестіру кезінде күдікті ұсталды. Ол арыз жазған әйелдің келіні болып шықты.
Ұсталған әйел ақшаны өз қажетіне жаратып үлгерген.
Қазіргі кезде жас келінге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ондай алаяқтық үшін бірнеше жаза қарастырылған.
Олар: