Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9-раундта нокдаунға жіберді, деп хабарлайды Sn.kz.
Кездесудің басынан-ақ Қазақстан боксшысының айқын басымдығы сезіліп тұрды.
9-раундта Головкин Муратаны сұлатып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Геннадий Головкин бұл жеңісінің арқасында WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанды.
Осылайша, кеше 40 жасқа толған Геннадий Головкин кәсіпқой карьерасында 42-жеңісіне қол жеткізді.