"Арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын анықтады. Олардың ішінде ең белсенділері – Жұмагелдиев "Дикий Арман", "Қазақстандықтар" және "Айшуақ-Жантүгел" топтары", - деді Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды. Оның ішінде қылмыс әлемінің 4 серкесі бар.