$ 444.14  477.05  4.85

Сұлтан Зәуірбек Лондондағы бокс кешінде қарсыласын нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіби бокстағы карьерасында 13-ші рет жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (12-0, 8 КО) Лондондағы York Hall-да өткен бокс кешінде «Питбуль» деген лақап атпен белгілі аргентиналық Николас Ботеллиді (11-6, 6 КО) жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Сұлтанның екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European чемпионы болғанына қарамастан ол Ботеллимен атаққа таласқан жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген болатын. Қазақстандық қарсыласын 5-ші раундта нокаутқа түсірді.

Бұл ретте үшінші раундта төрешінің Сұлтанға нокдаун жариялағанын айта кету керек. Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіби бокстағы карьерасында 13-ші рет жеңіске жетті. Ал Николас Ботелли 7-ші рет жеңілді. Сұлтан алдымен мальтиялық Хайтем Ламузбен (17-1, 7 КО) жұдырықтасуы керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жек алдында жарысқа қатыса алмайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кәсіби бокс