Қызылордада әйел полицияға көшеден нәресте тауып алғанын хабарлады. Тексеру нәтижесінде, сәбидің анасы сол әйел болып шықты.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 15 сәуірде сағат 19:30-да Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің маңында жаңа туған баланы табу дерегі бойынша ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.
"Полиция баланы тапқан ауыл тұрғыны сәбидің анасы екенін анықтады. Өзі босанып, полицияға "тауып алдым" деп жалған ақпарат берді", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Қазіргі уақытта ана мен бала перзентханада емделіп жатыр.
"Соталды тергеу жалғасып жатыр", - деді полицейлер.