$ 448.15  483.46  4.86

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге толық көлемде көмек көрсетіледі

Үй жануарларына қатысты шығын бар, саны әлі анықталып жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2022 жылы 24 сәуірде Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында жауған жауын-шашын әсерінен көшелерді, аула аумақтарын су басу жағдайлары тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың 24 сәуірінде Түркістан облысында қатты жауын-шашын салдарынан Қазығұрт ауданының төрт елдімекенінде және Сарыағаш ауданының бір елді мекенінде 53 үйдің ауласына, 18 үйдің, бір тойхананың, 16 шаруашылық құрылыс нысанының ішіне су кірген. Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланып, барлығы туыстарының үйлеріне жіберілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Үй жануарларына қатысты шығын бар, саны әлі анықталып жатыр.

Құтқару операциясына Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органның 100 қызметкері, 15 техника, 13 мотопомпа тартылып, суды сору және арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Орын алған жағдайға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің төрағалығымен арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Облыстық бюджеттің резервтік қорынан қажетті қаражат қарастырылып, келесідей көмектер көрсетіледі:

  • малынан айырылған тұрғындарға белгіленген ережелерге сәйкес өтемақы беріледі;

  • бүлінген үйлер қалпына келтіріледі;

  • ғимараттар мен тұрғын үй құрылыстарының шатыры қалпына келтіріледі;

  • шаруашылық құрылыстарын қалпына келтіруге көмек көрсетіледі.

Қазіргі уақытта комиссия келтірілген шығын көлемін есептейтін болады. Барлық зардап шеккендерге толық көлемде көмек көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары