$ 449.58  486.94  4.86

Ақмола облысында 11 жастағы баланы ит қауып алды

11 жастағы бала стадионда жаттығу жасап жатқан кезде, оған ит тап берген
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

11 жастағы бала стадионда жаттығу жасап жатқан кезде, оған ит тап берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 сәуірде кешке Аршалы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан шығыс еуропалық тұқымды иттің иесі – Жібек Жолы ауылының тұрғынына қатысты шара қабылдау туралы өтініш келіп түсті.

Оқыс оқиға стадионда орын алған. 11 жастағы бала жаттығу жасап жатқан кезде, оған ит тап берген. Медициналық мекемеде “сол қолдың тістеген жаралары, іш қуысының жарақаттары” диагнозы қойылды. Жеке тергеу барысында учаскелік полиция инспекторы иттің иесін анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабының 1-бөлігі 4-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ережеге сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, балалардың аула алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында иттерді серуендетуге тыйым салынады. ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабының 4-тармағына сәйкес, үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін ескерту немесе жеке тұлғаларға 10 АЕК, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК және заңды тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары