Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Президенттің жаңа кеңесшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Мәлік Отарбаев 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында туған.
Мәлік Отарбаевтың еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.
2003 – 2016 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.
2016 жылғы сәуір айынан Қазақстан Республикасы Түркия Республикасындағы елшілігінің Үшінші хатшысы лауазымын атқарып келді.
Халықаралық мәдени-интеллектуалды «da Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, директор орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі міндетін атқарды.
2014-2016 ж.ж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дағы өкілі.