Қайғылы оқиға Қостанай облысында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл 28 сәуірде Қостанай облысының Әулиекөл полиция бөлімінің учаскелік инспекторы өзіне бекітілген учаскеде рейдтік жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізген.
Дегенмен, онымен байланыс үзіліп, іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Жергілікті жерді тексеру кезінде су қоймасы түбінен көлік, ал салоннан учаскелік полиция қызметкерінің денесі табылды. Сырттай қарау кезінде одан зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу және қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.