Орта салмақта жұдырықтасатын отандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) алдағы кездесуінің андеркардында шығатын екі боксшы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлы келесі кездесуін 21 мамырда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткізеді. Оның қарсыласы ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО). Бұл кездесуде WBО ұйымының "уақытша" чемпиондық атағы сарапқа салынады.
Бұл бокс кешінің андеркардында екі қазақ боксшысы жұдырықтасады. Олар - 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл және әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов.
Әбілхан үшін бұл кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі болса, Жүсіпов екінші жекпе-жегін өткізеді.