Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды, Skifnews.kz медиа порталы.
«Түсірген кинолары, жасаған теле-жобалары арқылы көріп-біліп жүрген, есі бар адам деп ойлайтын тұлғаңның жұрт алдында лақ еткізіп «құсып» отырғанын көріп, іштей жиырылып, көңілің бір пәсте су сепкендей болады-ау...
Тағы оқыңыз: Тигран Кеосаянға Қазақстанға кіруге тыйым салынуы мүмкін
Тигранның әкесі Эдмонд Кеосаянның фильмдерін көріп өстік.
Бірде Тигранның әкесі туралы естелігін тв-дан көріп қалған едім.
Жасөспірім шағында теледидардан кино көріп отырып, Тигран дәл қазіргідей лепіріп, «киноны осылай да түсіре ме екен,мыналарың дарынсыз біреу ғой әншейін...», деп сөйлеп отырған жерінен әкесі Эдмонд үйге келіп қалады.Көкірегіне нан пісіп,дандайсып отырған ұлының бетінен шапалақпен тартып қалған көрінеді.
Тағы оқыңыз: «Ресей сен сияқты жағымпаздарға мұқтаж емес»: Досхан Жолжақсынов Кеосаянға жауап берді (ВИДЕО)
Әкенің сол сәтте баласына айтқан сөзі «өмірде шыбық сындырмаған адамның, біреудің еңбегін сынап-мінеуіне хақы жоқ!», дегенге саяды.
Кеосаянның тұтас бір ұлттың ар-ожданына тіл тигізіп, қожайынша әкіреңдей сөйлеген кешегі сөзіне қарағанда, оған әкесінің таяғы да, сөзі де өтпеген болып тұр», - деді Дана Нұржігіт.