Елде кепілсіз микрокредит бойынша пайыз 4,5 есе төмендеуі ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы" Қазақстанның ұлттық банкі 2019 жылғы 26 қарашадағы №209 қаулысына (...) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ төмендегі редакцияда жазылсын:
"1. Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні: берілетін микрокредит сомасын толығымен жабатын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген, берілген микрокредит сомасының 20% мөлшерінде белгіленсін, бірақ берілген микрокредит сомасының 5,5% мөлшерінде кепілмен қамтамасыз етілмеген", - деп жазылған қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаулысының жобасында.
Жоба халықтың борыштық жүктемесінің өсуін шектеу және жеке тұлғаларға 50 АЕК-ке (1 АЕК – 3180 теңге) дейін және 45 күнге дейінгі мерзімге берілетін микрокредиттер бойынша қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту үшін әзірленген.