Алматы облысының Іле ауданында картингте 10 жастағы бала қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, алдын ала мәлімет бойынша, бала картингті басқарып келе жатып, пластмассадан жасалған қоршау блоктарын бұзып өтіп, сол жерде тұрған ГАЗ-53 су тасығышымен соқтығысқан.
"Куәгерлердің айтуынша, картинг әйел басқарған басқа картингтің соққысынан инерция арқылы қоршаудан шығып кеткен", - деді полицейлер.