03.05.2022, 13:00

Қаруды ерікті түрде тапсырғандар қанша сыйақы алғаны белгілі болды

Фото: ашық дереккөзден
Сыйақы төлеу мерзімі - бір ай.

Қаруды ерікті түрде тапсырған қазақстандықтар 30 мыңнан 306 мың теңгеге дейін сыйақы алды. Әрбір қару үшін 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін төленді. Бұл туралы брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді.

"Әр қаруға 100 АЕК немесе 306 мың теңгеге дейін ала алады. Мұндай соманың жартысы мылтықтар мен карбиндер үшін төленуі мүмкін. Револьвер мен тапанша үшін 120 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі. Тегіс ұңғылы қарудың әрқайсысы 91 мың теңгеге бағалануы мүмкін", - деді ол.

Төлем мөлшерін айқындау кезінде комиссия қарудың техникалық жай-күйін ескереді Үш санат бойынша бөлінеді. Бірінші санаттағы қару үшін төлем құнының 100%-і , екінші санаттағыға - 70%-і және үшінші санаттағыға -30%-і төленеді.

Бірінші санат - қолданылмайтын немесе бүтін, бірақ тауарлық түрін жоғалтқан қару. Екінші санат - пайдалануға кедергі келтіретін жеке техникалық ақаулары, бөлшектердің беткі қабатының коррозиясы бар қару. Мұндай қаруды негізгі бөліктерін ауыстырмай қалпына келтіруге болады.

Үшінші санаттағы қаруға техникалық ақау салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз және пайдаланылуы қауіпті қару жатады. Техникалық немесе экономикалық себепке байланысты бөлшектерін қалпына келтіру мүмкін емес.

Сыйақы төлеу мерзімі - бір ай.

Комиссия атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш зат деп танымаған, сондай-ақ бұған дейін тіркелген немесе криминалдық қаруға сыйақы төленбейді.

Қолдан жасалған оқ-дәрі, сондай-ақ тегіс ұңғылы, газды, травматикалық қару мен патрондар үшін де өтемақы төленбейді, деп түсіндірді министрлікте.

Тегтер: қару сыйақы