Желіде Павлодар облысындағы ауыл әкімінің жергілікті тұрғынмен дауыс көтеріп сөйлескен әңгімесі түсіп қалған видео тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Екі адамның арасындағы дау кадрға түсіп қалған. Видеодағы дау ауылда қараусыз жүрген малға байланысты туындаған. Ал видеодағы адамның бірі - Баянауыл ауданы Ақсан ауылдық округінің әкімі Кенжебек Дүйсенбаев. Кадрларда шенеуніктің ауыл тұрғынымен дөрекі түрде әрі қолдарын бұлғап сөйлескені көрінеді.
"Әкім полициямен бірге мал иелеріне айыппұл салуға келді. Ал жергілікті тұрғындар онымен келіспеді. Дүйсенбаевтікі шын мәнінде дұрыс шығар, бірақ оның дәл бұлай қарым-қатынас жасауы дұрыс емес", - делінген видеода.