Жаңалықтар 13.05.2022 сағат 09:20

«Баламның дене бітімі кішкентай, ол адамды ұра алмайды». Әскери бөлімде көз жұмған сарбаздың өліміне күдікті баланың анасы мәлімдеме жасады

Оның айтуынша, Айболат пен Әлібек еліміздің батысынан болғандықтан, достасып, араласып кеткен.
«Баламның дене бітімі кішкентай, ол адамды ұра алмайды». Әскери бөлімде көз жұмған сарбаздың өліміне күдікті баланың анасы мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қордай ауданы, Отар ауылындағы әскери бөлімде жұмбақ жағдайда қаза тапқан 18 жастағы Ақтау тұрғыны Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Іс бойынша күдікті ретінде танылған жігіттің анасы «кінәлі» адамның бостандықта жүргенін айтты.

«Ақжайық» басылымының хабарлауынша, екі сарбаз да сәуірдің 13-і күні әскер қатарына шақырылып, әскери ант қабылдауға үлгермеген. 22 сәуір күні таңертең әскери қызметші Әлібек Қалбай ішкі жасақтама кезінде есінен танып қалған. Ол Отар ауылындағы гвардиялық әскери қалашықтың әскери госпиталіне жеткізіліп, есін жимай сол жерде қайтыс болды. Кейін сот-медициналық сарапшылар бастың артқы жағында, оң жамбасында, бауырда және оң бүйректегі гематомаларды анықтады.

Күдікті Айболат Аманжоловтың туыстары тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр. Оның 42 жастағы анасы әскери тергеушілер нақты қылмыскерлерді таппады деп есептейді.

Ол Айболат өзінің тұңғышы екенін айтты. Одан бөлек отбасында тағы алты бала бар. Оның айтуынша, Айболат пен Әлібек еліміздің батысынан болғандықтан, достасып, араласып кеткен.

«Алғашқы күндері ол бәрі жақсы екенін, ешкім ренжітпегенін, дұрыс тамақтанып жатқанын айтты. Қызым 22 сәуірде Отарда ұлым қызмет ететін әскери бөлімде бір жауынгер қайтыс болғанын айтты. Біз дереу облыстық қорғаныс басқармасына барып, әскери бөлім командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарласып, баламызда бәрі жақсы екенін білдік. Алайда үйге оралған кезде ұлым телефоннан жағымсыз хабар естіртті. Айболат әріптесімнің өліміне мені кінәлап жатыр деп жылап отырды» дейді әйел.

Сәуірдің 23-і күні әскери бөлімге келген ата-аналар екі сағат бойы қақпа сыртында тұрған.

«Ұлымның айтуынша, сол ақтаулық жігітпен дос болған. Ғимараттан шыққан балам оның иығына қолын қойып, олар бір-бірінен туыстарының қайсысы ант беруге келетінін сұраған. Бәрі осыдан басталған. Әлібектің баламмен төбелесіп жатқанын Петропавлдан келген тағы бір сарбаз көрген. Бірақ тағы 40-тан астам сарбаз төбелес болмағанын алға тартып отыр. «Егер олар төбелесіп қалса, біз оларды ажырататын едік» дейді. Тіпті сержанттар да ұрыс болған жоқ деп отыр» дейді Айболаттың анасы.

Әйел президенттің бұйрығынан кейін әскери тергеушілер қылмыскерді тез ұстағысы келді деп сендірді.

«Менің мәліметім бойынша, тергеуші басқа сарбаздарға «Әлібекті Айболат ұрды» десе, әскери киім кимеуге, жалпы «қызмет етпей, демалуға» уәде берген. Бірақ сарбаздар келіспеген. Әлібек сапта тұрғанда құлап қалған. Басқалары көмектесіп жатқанда ұлым оның қолын ұстап жылап отырған. Содан кейін олар сарбазды медициналық бөлімге алып кеткен. Жауап алуға Петропавлдан ең соңғы сарбаз келген, оны ең ұзақ ұстады. Менің балам Әлібекті ұрды деп айтқан да сол. Бұлай куәлік беруге қалай көндіргенін білмейміз. Айболаттың дене бітімі кішкентай, тіпті соққылары да әлсіз, ол адамды ұра алмайды» деп шырылдады сарбаздың анасы.

Әйел сонымен қатар әскери киім киген ер адамның әскери бөлімнің жанында тұрып, оның ұлы кінәсіз екенін айтқанын мәлімдеді.

«Ол өзі де бір сержанттың Әлібекті үнемі мазақ етіп, өлер алдындағы түні оны бір жаққа алып кеткенін көрген. Сосын маған айтқан жігіт осы сержанттың атын есте сақтаңыз деп, тез кетіп қалды» деп қосты ол.

Айболаттың анасы ұлы әділетсіздікке шыдамай, өз-өзіне қол жұмсай ма деп қорқатынын айтты.

Еске салсақ, әскерге шақырылған сарбаз Әлібек Қалбайдың қазасы 23 сәуірде белгілі болды. Жас жігіт жақында Маңғыстау облысынан әскерге шақырылған. 24 сәуірде оның денесі елге жеткізілді.

25 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға, Қорғаныс министрлігіне және басқа да құзырлы органдарға жедел және жан-жақты тергеу жүргізуді, Жамбыл облысындағы мерзімді әскери қызметші өлімінің шынайы себептерін анықтауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар