$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаевтың ауылына интернет тартылатын болды

Өскелең ұрпақ өркениет игілігін көргісі келеді.
Қостанай облысындағы президентпен  аттас жеткіншектің арманы орындалатын күн алыс емес. Кішкентай  Қасым-Жомарт Тоқаев тұратын шалғай ауылға телефон желісі жүргізіліп,  интернет жеткізілмек. Жергілікті  шенеуніктер елдімекеннің түйткілін шешуге шұғыл кірісті, деп хабарлайды Skifnews.kz. ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Тамыз айына дейін Үштоғай мен Степняк ауылына  ұялы байланыс мұнарасы орнатылмақ. Облыста отыздан астам елдімекеннің тұрғындары  телефон аясынан тыс жерде өмір сүруде. Соның бірі - Үштоғай ауылында да мобильді байланыс мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Алайда түйткілдің түйіні тарқаған емес. Астана телеарнасындағы репортаждан кейін тиісті мекемелер мен  кәсіпорындар қозғала бастаған.

"Билайн компаниясы осы Үштоғай ауылының орталығына Қазақтелеком компаниясының мұнарасына  билайн байланысын орнатамыз деп келіссөздер  жүргізіп жатыр қазіргі уақытта. Енді  амандық болса тамыздың біріне дейін мобильдік байланыс ауылымызға орнатылады деп жоғарыдан хабар келіп жатыр", - деді Үштоғай ауылдық округінің әкімі Самат Қадыршинов

Ауыл мектебінде елуден астам оқушы білім алады. Өскелең ұрпақ өркениет игілігін көргісі келеді. Кішкентай Қасым-Жомарт Тоқаев та ұялы телефон ұстап, интернет  желісінен игі мәліметтер алсам дейді.  

"Құдай қаласа, менің ауылыма интернет байланыс орнатайын деп жатыр.Мен өте қуаныштымын. Енді соның тезірек қосылғанын күтеміз" - деді оқушы Қасым-Жомарт Тоқаев

"Үштоғайдан 10 шақырым жерде Степняк деген ауыл бар. Елдімекенде 150 адам тұрады. Біздің басқарма тарапынан  компанияға осы ауылға да байланыс  өткізу жөнінде ұсыныс берілді", - деді Қостанай облысы Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы Әлішер Батырбеков.

Басқарма өкілінің айтуынша,  Амангелді ауданы бойынша үш ауылда ғана телефон байланысы жоқ. Шалғайдағы  Үштоғай мен Степняктың мәселесі тамыз айында шешімін табатынын айтады. Ал қалған елдімекенге ғаламтор  желісі  келер жылы жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары