$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында жаттықтырушы 14 жасар спортшы қызбен жақындасты деген күдікке ілінді

Жаттықтырушы әуелде қыздарға массаж жасап беруін сұрап, кейін оқушылардың интимді жерлеріне қолын жүгірте бастаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Іле ауданынан келген үш отбасы таеквондо жаттықтырушысын жазалауды талап етуде, олардың айтуынша, кәмелетке толмаған қыздарға тиісіп, біреуін зорлаған. Облыстың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің қамқорлығындағы 14 жасар спортшы қызбен жыныстық жақындығы үшін айыпталған таэквондо жаттықтырушысының ісін қарап жатыр.

Бұл іс туралы ақпаратты құқық қорғаушы Дина Таңсәрі таратқан. Оның айтуынша, жаттықтырушы қыздарға массаж жасап беруін сұрап, кейін оқушылардың интимді жерлеріне қолын тигізе бастаған.  Осындай екі жағдай 2021 жылдың қаңтар-сәуірінде болған. Таңсәрінің айтуынша, үшінші қыз зорланған, бұл 2021 жылдың наурыз айының соңында болған. Ал, қоғамда бұл оқиғаға қатысты резонанс «Немолчи.кз»  қоры оқиғаны жариялағаннан кейін ғана көтерілді.

Сот процесі 4 сәуірде басталған, отырыстар Қарасай ауданының Қаскелең қаласында өтіп жатыр. Кезекті тыңдау 18 мамырға жоспарланған.

«Процесс жабық. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен сотқа қатысуда. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы, яғни, «Көрінеу 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас» бойынша сотқа түсті», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қоғамдық құқық қорғаушылар бастапқыда полиция «Зорлау» бабы мен  «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, екі эпизод бойынша тергеу жүргізді деп болжайды. Алайда, содан кейін қылмыстық іс «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас» бабы қарастырылған ерікті жыныстық қатынас туралы жеңіл бапқа қайта жіктелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары