$ 494.87  520.65  4.91

Күдікке ілінген блогерлерден 10 пәтер, 1 дүкен, 5 үй тәркіленді

Күдіктілердің бірі тергеу органдарынан жалтарып жүр.

«Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша 14 күдікті тергеліп жатыр. Бұл туралы арнайы брифингте Ішкі істер министрлігінің департамент басшысы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Күдіктілердің ішінде танымал вайнер әрі блогер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзізжан Саидбаев бар.

Қазір жоғарыда аталған тұлғалардың және туыстарының мүлкі, атап айтсақ, 4 жер учаскесі, 10 пәтер, 1 дүкен, 5 үй мен 2 автокөлік тәркіленіп алынды.

«3 блогер осы қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, екеуіне қатысты «кепіл» түріндегі, біреуіне «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктілердің бірі тергеу органдарынан жалтарып жүр. Ол сырттай тұтқынға алынып, халықаралық іздеу жарияланды»,— деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары