$ 494.87  520.65  4.91

Ақтаудағы әскерден қашқан сарбаз полицияға өзі келді

Ол ата-анасымен кездескен.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы өкілдері Ақтауда жоғалып кеткен сарбаздың табылуына қатысты мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды inAktau басылымы. 

Осыған дейін дереккөздер әскерден қашып кеткен сарбаз табылғанын хабарлаған болатын. "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Бағланның табылғаны туралы ақпаратты растады.

"17 мамырда сағат 07:15-те 6656 әскери бөлімінің сарбазы Бағлан Әділбеков Ақтаудағы полиция бекетіне өзі келді. Ол ата-анасымен кездескен. Қызметтік тергеу жүріп жатыр", - деді ведомство өкілдері. 

Еске сала кетейік, 16 мамырда Ақтауда әскерге шақырылған сарбаз қашып кеткені хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сарбаз #Ақтау