Елордада 3 жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа көмектескен үшінші жігіт табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Сәбит сұхбаттарының бірінде терезе жабылып кетпеуі үшін оны ұстап тұрған үшінші адам болғанын айтқан еді. Батыр есімді блогер үшінші адамды тапқан. Блогердің айтуынша, үшінші жігіттің есімі - Нұрайдын. 2003 жылғы студент - Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы.
"Астанада ағасының үйінде тұрады. Қазір Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінде екінші курста оқиды. Дәл сол күні ол сессияға асығып бара жатқан. Бірақ сол сәтте Сағидің қасында терезені тіреп тұрған осы Нұрайдын болған екен. Сағи өзі де кейінгі видеода қасымызда тағы бір жігіт болған дейді. Таптық. Қарапайым жігіт. Студент. Өзім түсемін деген жоқ. Өзім түсірейін дедім. Осындай жігіттерді ел біліп жүрсін дедім. Ата-анасы да қуанып жүрсін. Жарайсың, Нұрайдын.
Бұл жігітке медаль, ешнәрсе керек емес! Ерекше құрметтің де керегі жоқ! Тек ел білсін деп көрсеттім", - деді блогер.