Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, белгісіз затпен улану фактісі бойынша жеті өтініш тіркелген, деп жазады Pavlodarnews.kz.
"Үшеуі үйде қайтыс болды. Төртеуі Ертіс аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінген, ол жерде тағы бірі қайтыс болды. Екеуі өте ауыр жағдайда өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бір зардап шегуші Павлодар қаласының № 3 қалалық ауруханасына орташа деңгейде жеткізілді", - делінген хабарламада.