$ 449.58  486.94  4.86

«Қайрат» командасы футзалдан 19-мәрте ел чемпионы атанды

Алматыда өткен екі ойында «Қайрат» алдымен 4:2, кейін 7:2 есебімен жеңіске жетті.

Алматылық «Қайрат» футзалдан 19 рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалдық серияда алматылық команда Рудныйдың «Аятына» қарсы ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Алматыда өткен екі ойында «Қайрат» алдымен 4:2, кейін 7:2 есебімен жеңіске жетті.

«Аят» (Рудный) – «Қайрат» АФК (Алматы) – 2:4 (1:2)

Рудныйда өткен ойын 4:2 есебімен аяқталды. Кездесудің бірінші таймында «Қайрат» сапынан Дәурен Тұрсаұлов пен Альберт Ақбалықов гол соқса, алаң иелері сапында Леандриньо көзге түсті. Екінші таймда Біржан Оразов пен Карлос Санз гол авторы болса, «Аят» сапында Данил Карпюк бір голмен жауап берді.

Осылайша «Қайрат» Қазақстанның 19 дүркін чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Футбол