Жамбыл облысында халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтуге дайындық жүріп жатыр. «Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық мұражай-үйі күзде ашылады», - деді спикер.
Шерхан Мұртаза – Жамбыл облысы Жуалы ауданының тумасы, кеңестік және қазақ жазушысы, қоғам және саяси қайраткер. Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жазушы және белгілі қоғам қайраткерінің туған жерінде бұл кісіге әрқашан ерекше жылы лебіз білдірілген.
Жуалы ауданы, Талапты ауылындағы болашақ жазушының туған үйі мұражайға айналуы тиіс. Мұндай ұсынысты жуырда облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов айтты.