Геннадий Головкин мен Риота Муратаның Токиодағы айқасында жұмыс істеген ринг-герл Мана Амано қазақстандық боксшыға қатты тамсаныпты.
Амано Жапонияда актриса және модель ретінде өте танымал. Ол ашық түсірілімдерге қатысып, оларды өзінің әлеуметтік желісінде де жариялайды екен.
Мана Амано GGG оған қатты әсер еткенін мойындады.
«Бұл жағынан Головкин өте керемет болды. Оның аурасы бойымды билеп алды, ол нағыз джентльмен. Видео оның денесі осынша қуатты екенін жеткізе алмайды. Мурата болса, керісінше, рингте әдеттегідей емес, біртүрлі болып тұрды», - депті Амано Number Web басылымына берген сұхбатында.